ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ШАХМАТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ.

Түркістандық дарынды шахматшылар Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан бүгін Сербияның Врнячка Баня қаласына аттанды. Олар 20-29 наурыз аралығында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Жас таланттарды Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықов бастаған ұжым құрметпен шығарып салды. Нұрислам бұған дейін де әлем чемпионатынан күміс медаль алып, елімізді қуантқан болатын.
Әсияның жетістіктері де мақтануға тұрарлық:
Әлем чемпионаты, Сербия, 2024
Азия чемпионаты, Индонезия, 2022
Батыс Азия чемпионаты, Мальдив аралдары, 2022
Олардың таланты мен табандылығы Қазақстанның шахматтағы болашағының жарқын екенін дәлелдейді. Жеңісті күндер көп болсын!
Жас шахматшыларымызға сәттілік тілейміз!
