Таза ауланың тынысы кең

473

«Таза ауланың тыныс кең!» ұранымен дәстүрлі сенбілік жұмыстары Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Рысқұлбеков, Байтұрсынов, Мәметов, Спорт шағын ауданы аулаларында жалғасты.

Тазалық шарасында аулалардағы шөп орылып, қураған ағаштар бұталанды. Сондай-ақ, аулалардың маңайы сыпырылып, қоқыстан тазартылды.

Тазалық шарасына аудан әкімдігінің қызметкерлері және табиғат жанашырына айналған 200-ге жуық қала еріктілері атсалысты.

Осы орайда, Шымкент қаласы тұрғындарын өздері тұрып жатқан жердің тазалығына немқұрайлы қарамауға, табиғатты ластамауға шақырамыз!