ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРЖАН БИЗАҚ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ!

Армения астанасы Ереван қаласында жауынгерлік самбо күресінен Әлем кубогы жолындағы жарыс аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 59 кг сапында өнер көрсеткен Маржан Бизақ Әлем кубогының иегері атанды!
Ал өңірлесіміз Азман Амаева қола медаль иегері атанды.
Бүгін жанкүйерлер жеңімпаз атанған спортшыларды Шымкент әуежейнан салтанатпен қарсы алды.
Әлем кубогы жарысына 5 құрлықтың мықты деген 500 тарта спортшылары қатысты.Құрама сапында мықтылық танытқан 59 кг салмақта жекпе жекке түскен Ордабасылық Маржан Бизақ Өзімен белдесуге шыққан 15 спортшының арсынан керемет өнер көрсетіп,рингке шыққан мықты деген Украина, Ресей және Түркменстан елінің спортшыларын жеңіп Алтыннан алқа тақты. Осыған орай жеңімпаздарды қарсы алуға Шымкент қаласының спорт жанкүйерлері мен Ордабасы ауданының самбо күресі шеберлері қатысты.
Еліміздің намысын қолдан бермей Көк туымызды биікте желбіретіп қайтқан спортшыларды Шымкент қаласы спорттық және жауынгерлік самбо күресі федерациясының президенті Әмірханов Бейбітқазы Құрметқазыұлы арнайы құттықтап жеңімпаз спортшыларға алдағы жарыстарда биіктерге жете беруін тіледі!
Ордабасы ауданы спортшыларын бастап барған аудандық спорт саласының қызметкері Мақсат Төлешов ауданнан шыққан спортшылардың Әлемді бағындыруы күш атасы Қажымұханның Рухы екендігін атап өтті.
Әлемді бағындырған Маржанның бұл екінші жарысы екен. Өткен жарыста екінші болып қалған Маржан бұл жолы бар күш жігерін ортаға салып бапкерлерінің сенімін ақтағанын айтып қунышымен бөлісті.