БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

Балалар – ұлттың үміті, болашақтың бастауы. Олардың балалық шағы бақыт пен мейірімге толы, қауіпсіз әрі мазмұнды өтуі – баршамыздың ортақ парызы.
Осы мақсатта бүгін аудан орталығындағы «BalaTime» — ойын сауық орталығында балаларды шаттыққа бөлеген мерекелік шара өтті.
Шараға аудандағы 50-ден аса отбасының балаларына «Заречное» БК АҚ-ның бас директоры Нұржанов Қанат Есенгелдіұлының демеушілігімен сыйлықтар таратылып, «BalaTime» — ойын сауық орталығына бір күндік тегін жолдама берілді. Қуанышқа бөлеген шарада балалар түскі ас ішіп, түрлі ертегі кейіпкерлерімен ойын ойнады.
Мейірімге толы шарада аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі ал, балаларға қуаныш сыйлап, олардың құқығын қорғау барша адамзаттың парызы екендігін ерекше атап өтіп, бүлдіршіндерге мерекелік ізгі тілегін білдірді.
Балалар мен ата-аналардың жүздеріне күлкі үйірілген жиында ата-аналар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған азаматтардың еңбектеріне табыс пен абырой тілеп, ақ батасын берді.
Шара соңында балалар мен ата-аналар шараға қатысушы қонақтармен естелікке суретке түсті.