Шымкенттегі Арғынбеков пен Назарбеков көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылады
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан «Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор салу» нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сол себепті, осы жылдың 19.08-27.08 аралығында Арғынбеков көшесінен бастап атауы жоқ ішкі орамдық жолмен Назарбеков көшесіне дейінгі көше жабылады.
Ал, 27.08-05.09.2021 ж аралығында Назарбеков көшесімен Бәйдібек би даңғылына дейінгі жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылатын болады.