ШЫМКЕНТТЕ АЛАЯҚТЫҚ, ҰРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Өткен аптада Шымкент қаласы бойынша тергеу органдарының өндірісінде 177 қылмыстық іс тіркеліп, оның үшеуі сотқа жолданды. Қала аумағында жиі тіркелетін қылмыстардың басым бөлігін алаяқтық (63 іс), ұрлық (44 іс), есірткі айналымына қатысты (11 іс) және жол-көлік оқиғалары бойынша (9 іс) деректер құрап отыр.
Алаяқтық қылмыстарының көпшілігі интернет арқылы жасалған (43 дерек). Азаматтар көбіне интернет желілеріндегі жалған жарнамаларға сеніп, өз қаражаттарынан айырылып жатады. Мысалы, тауар сату және сатып алу кезінде (16), инвестиция жасау арқылы пайда табуға шақыратын жарнамаларға (4), өздерін банк немесе байланыс қызметкерлері ретінде таныстырып хабарласу (12), несие рәсімдеу (4) және коммуналдық қызмет өкілі ретінде алдау (6) жағдайлары тіркелген.
Мәселен, өткен аптада қала тұрғынына өзін «Электросеть» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, шотына 110 мың теңге аудартып алған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті тұрғындарға бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды, коммуналдық төлемдерді тек ресми филиалдарда немесе қызметтік байланыс нөмірлері арқылы нақтылап төлеуді ескертеді.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде есірткі сатумен айналысатын заңсыз онлайн-дүкендердің таралуы қоғам үшін үлкен қауіп тудырып отыр. Өткен аптада қала тұрғыны өзінің банк картасын танысына уақытша пайдалануға беріп, нәтижесінде карта есірткі саудасымен айналысқан тұлғаларға ақша аударуға қолданылған. Мұндай жағдайларға жол бермеу үшін полиция азаматтарды өз карталарын бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді қаржылық ұсыныстардан бас тартуға және күдікті жағдай байқалса, бірден «102» нөміріне хабарласуға шақырады.
Қала аумағында жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуі де алаңдаушылық туғызуда. Соңғы аптада төрт қылмыс – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы мен ұялы телефонға алаңдауы салдарынан, екі қылмыс – жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуінен, бір оқиға – кәмелетке толмағандардың электрлі самокат пен скутерді жол ережесін бұзып басқаруынан, ал бір дерек – мас күйінде көлік жүргізуден орын алған. Полиция департаменті тұрғындарға бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды, коммуналдық төлемдерді тек ресми филиалдарда немесе қызметтік байланыс нөмірлері арқылы нақтылап төлеуді ескертеді.