«АУЫЛЫМ – АРЫС ЖАҒАСЫНДА» АТТЫ ӨНЕР МЕН РУХАНИЯТ ТОҒЫСҚАН ФЕСТИВАЛЬДІҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

17
⚜️ Ауданымызда дәстүрге айналған «Ауылым – Арыс жағасында» өнер фестивалі биыл жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты. Бүгінгі финалдық Гала-концертке жиналған көрермендер аудан өнерпаздарының өнеріне тәнті болып, ұлттық салт-дәстүрге, халық қазынасына деген құрметтің жаңа қырынан айқындалуына куә болды.
⚜️ Аудан әкімдігінің бастамасымен ашылған бұл фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп, аудан өнерпаздарын тоғыстыратын ауқымды шараға айналды.
⚜️ Биылғы фестиваль барысында әр ауылдан келген өнер ұжымдары өздерінің тыңғылықты дайындықтарын ортаға салып, халық әндері мен заманауи туындыларды шырқады. Қолөнер шеберлері мен ауылшаруашылық өнімдерінің көрмелері, ұлттық дәстүр мен этноауыл көріністері мерекенің сәнін кіргізді. Әсіресе тұрғындардың белсенділігі, сахналық қойылымдардағы шығармашылық ізденіс көпшіліктің ықыласына бөленді.
⚜️ Финалдық Гала-концерт кештің шарықтау шегіне айналды. Жергілікті және танымал өнерпаздардың қатысуымен өткен концерт өңір тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қалың жұрттың қошеметіне бөленді.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
🔺Шұбарсу округі – І орын,
🔺Қарақұм округі – ІІ орын,
🔺Қараспан округі – ІІІ орын иеленді.
⚜️ «Ауылым – Арыс жағасында» фестивалі бүгінде тек өнер мерекесі ғана емес, елдіктің, бірліктің, татулықтың, елге деген ыстық ықыластың белгісі ретінде қалыптасып отыр. Ол жұртшылықты өнерге, мәдениетке баулып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосуда.
⚜️ Шараның жоғары деңгейде өтуі – аудан әкімдігінің идеология және мәдениет саласына жауапты өкілдерінің үйлесімді жұмыс атқаруының жемісі.