ҚАЛАМЫЗДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖИІЛЕП ОТЫР

29

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдары 179 қылмыстық істі тіркеп, оның 3-ін сотқа жолдады. Ең жиі тіркелген қылмыстар — алаяқтық (63 іс), ұрлық (44), есірткі айналымы (11) және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер (9).

Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалған: тауар жарнамасы (16), жалған инвестиция (4), өздерін банк не мемлекеттік қызметкер ретінде таныстыру (12), несие рәсімдеу (4), коммуналдық қызмет өкілдері атынан қоңырау шалу (6).

Мысалы, белгісіз адам өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерден 600 мың теңге иемденген.

Сондай-ақ тұрғындарға өз банк карталарын бөгде адамдарға бермеу ескертілді. Бір жағдайда азамат өз картасын танысына уақытша беріп, ол арқылы есірткі сатумен айналысқан тұлға есеп айырысқан.

Қалада жол-көлік оқиғаларының көбеюі — жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен телефонға алаңдауынан, жаяу жүргіншілердің жолды рұқсатсыз кесіп өтуінен және кәмелетке толмағандардың скутер, самокатты ережесіз жүргізуінен болып отыр.

Полиция тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға, көлік жүргізгенде жол ережесін қатаң сақтауға және балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Қазіргі цифрлық заманда интернет – адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Әлеуметтік желілер, онлайн төлемдер, интернет-дүкендер, мобильді қосымшалар – барлығы да ақпараттық технологиялардың дамуының нәтижесі. Алайда интернеттің дамуы тек оң өзгерістер әкелген жоқ. Онымен бірге көптеген зиянды құбылыстар, әсіресе интернет-алаяқтық кең тарады. Алаяқтар түрлі тәсілдер арқылы азаматтардың жеке деректерін, ақшасын немесе аккаунттарын тартып алуға тырысады.

Интернет-алаяқтық – бұл интернет желісін пайдалана отырып, азаматтарды алдап, олардың мүлкіне немесе ақшасына заңсыз қол сұғу әрекеті. Ол ақпараттық технологиялар арқылы жасалатын қылмыс түріне жатады.

  1. Фишинг – жалған сайттар немесе жалған хаттар арқылы пайдаланушылардың банк деректерін, құпия сөздерін ұрлау.
  2. Әлеуметтік желідегі алаяқтық – жалған парақшалар ашу, достар мен туыстардың атынан ақша сұрау.
  3. Онлайн-дүкендер арқылы алдау – сапасыз немесе жоқ тауарды ақша алып жібермеу.
  4. SMS және қоңырау арқылы алдау – «Сіз ұттыңыз» деген жалған хабарламалар.
  5. Инвестициялық алаяқтық – жылдам байытамыз деген жалған уәделер арқылы қаржы пирамидаларына тарту.
  6. Жеке деректерді ұрлау – аккаунттарға кіру үшін парольдерді бұзу немесе ақпаратты қолдан алу.

– Ақшалай шығынға ұшырау;

– Жеке деректердің таралуы;

– Банк шоттарының бұғатталуы;

– Психологиялық стресс.

 

Алдын алу шаралары

– Бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеу;

– Күмәнді сілтемелерге кірмеу;

– Екі факторлы қорғанысты қосу;

– Тек сенімді сайттар арқылы төлем жасау;

– Антивирустық бағдарламаларды пайдалану.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында интернет арқылы жасалатын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Интернет-алаяқтық – қазіргі қоғамдағы қауіп-қатердің бірі. Әрбір азамат интернетте сақтық танытып, жеке деректерін қорғауды үйренуі тиіс.