“ЖАС САҚШЫЛАРҒА” ТӘРБИЕ САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру мақсатында “Жас сақшы” жасақтарының мүшелеріне арнайы сабақ өткізілді.
Шараға қаламыздың №89 және 90 мектеп оқушылары қатысып, оның барысында жас сақшыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, төтенше жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі, қоғамдық орындардағы жауапкершілік, сондай-ақ полиция қызуметінің негізгі міндеттері жөнінде кең көлемді мәлімет берілді.
Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Бауыржан Карбеков жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Бұл бастама жастардың жауапкершілік сезімін қалыптастырып, құқық қорғау органдарына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
«Жас сақшы» – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, тәртіпке, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы болуға баулитын мектепішілік бағдарлама. Жобаға қатысатын оқушылар тәртіп сақшыларының жұмысымен танысып, қауіпсіздік ережелерін үйренеді және өз ортасында үлгілі болуға тырысады.
«Жас сақшы» тобының мүшелері мектеп тәртібін сақтауға көмектесіп, түрлі профилактикалық іс-шараларға қатысады. Олар жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, интернеттегі тәртіп, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет сияқты маңызды бағыттар бойынша білім алады.
Бұл бастама жастардың жауапкершілік сезімін қалыптастырып, құқық қорғау органдарына құрметпен қарауға тәрбиелейді.







