ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ТАСТАУШЫЛАР АНЫҚТАЛЫП, ӘКІМШІЛІК ХАТТАМАЛАР ТОЛТЫРЫЛДЫ

43

Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары мен экополиция қызметкерлері Нұртас шағын ауданында тазалық сақталуын бақылау мақсатында кезекті рейд жүргізді. Тексеру барысында құрылыс қалдығын рұқсат етілмеген орындарға төккен азаматтар анықталды.

Заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырылып, шаралар қолданылды.

Мамандар, сонымен қатар, тұрғындарға, мердігер ұйымдарға және құрылыс нысандарының өкілдеріне экологиялық нормаларды сақтау, құрылыс және тұрмыстық қалдықты тек белгіленген орындарға шығару туралы түсіндірілді.

Аудан аумағында санитариялық ахуалды жақсарту, заңсыз қоқыс тастаудың алдын алу бағытындағы бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Соңғы жылдары елімізде заңсыз қоқыс тастау мәселесі өзекті бола түсті. Рұқсат етілмеген жерлерге тұрмыстық қалдықтарды тастау экологияға ғана емес, адамдардың денсаулығына, қала мен ауылдың санитарлық жағдайына да үлкен зиян тигізеді.

  1. Заңсыз қоқыс тастаудың түсінігі

Заңсыз қоқыс тастау – арнайы белгіленбеген орындарға кез келген тұрмыстық немесе өндірістік қалдықтарды шығаруды білдіреді. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған.

  1. Заңсыз қоқыс тастаудың себептері

– Қоғамдық мәдениеттің төмендігі

– Қоқыс шығару инфрақұрылымының жеткіліксіздігі

– Бақылаудың әлсіздігі

– Қалдықтарды сұрыптау дағдысының қалыптаспауы

– Жеке кәсіпорындардың жауапсыздығы

  1. Заңсыз қоқыс тастаудың зияны

Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық зияндарға алып келеді.

Заңсыз қоқыс тастағаны үшін айыппұл салынады. Қайталанса, айыппұл көлемі өседі.

  1. Алдын алу жолдары

– Экологиялық мәдениетті арттыру

– Қоқыс контейнерлерін көбейту

– Қатаң бақылау

– Тұрғындарды экологиялық шараларға тарту

– Қайта өңдеу жүйесін дамыту

Заңсыз қоқыс тастау – қоғамның мәдениет деңгейінің көрсеткіші. Әрбір азамат өз қоқысын арнайы орынға тастауы қажет.