“ҚАЗЫҒҰРТ КӨШБАСШЫЛАРЫ” АТТЫ АУДАНДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданы әкімдігі және аудандық “AMANAT” партиясының қолдауымен, “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен “Жастар Рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай, “Қазығұрт көшбасшылары” атты аудандық интеллектуалды сайысы өтті.
Аталмыш сайысқа ауданға қарасты ауыл округтерінен келген 12 команда қатысып, 5 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Тартысқа толы ойында, зияткер жастардан құралған командалар тарих, өнер, кино, әдебиет салаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жеңімпазды анықтады.
Сайыс қорытындысы төмендегідей:
”QUIZ hunter” (Алтынтөбе ауылы округі) 100.000 теңге
”Жас көшбасшылар академиясы” (Қазығұрт ауылы округі) 70.000 теңге
”Диқан” ЖББМ-нің командасы (Жігерген ауылы округі) 50.000 теңге
Сонымен қатар, “Ой ЛАВ” және “Жалынды жастар” командалары ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Білімділер бәйгесінде жеңімпаз атанған командаларға арнайы алғыс хаттар мен кубоктар және қаржылай сыйлықтар табысталды.








