ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

«6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлері күніне» орай Сарыағаш ауданында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Жарысқа аудан аумағындағы бірнеше мекеменің командалары қатысып, түрлі спорт түрлері бойынша өз шеберліктері мен командалық бірліктерін көрсетті.
Жоғары деңгейде өткен кіші футбол бәсекесінде командалар тартысты ойын өрнегін танытты. Жарыс қорытындысы бойынша:
- 1-орын – Сарыағаш ауданы әкімі аппараты командасы,
- 2-орын – Аудандық полиция басқарма командасы,
- 3-орын – «Қырандар» командасы.
Арқан тарту сайысы бойынша:
- 1-орын – Аудандық полиция басқарма командасы
- 2-орын – Төтенше жағдайлар басқармасының командасы,
- 3-орын –Сарыағаш ауданы әкімі аппараты командасы иеленді.
Сондай-қа, жекелей күш сынасуға бағытталған қол күресі сайысында қатысушылар өз салмақ дәрежелері бойынша бақ сынап, жүлделі орындар анықталды. Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетсек, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау саласы қызметкерлерінің өзара ынтымақтастығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау болды.







