МӘЖІЛІСТЕ САЛАЛАР БОЙЫНША ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІНГІ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

5

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында салалар бойынша атқарылған жұмыстар талқыланып, жыл соңына дейінгі міндеттер айқындалды.

Алдымен құрылыс саласына қатысты бөлінген қаржының игерілу барысы қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндама жасап, нысандардың қазіргі жағдайы, қаржының игерілу деңгейі мен мерзімдердің сақталуы жөнінде хабарлады.

Бұдан кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев өз саласындағы қаржының игерілу барысы туралы баяндады. Қоғамдық маңызы жоғары салалардағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы атқарылуы қадағаланатыны айтылды.

Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков өндірістік парктерді құру мәселесін көтеріп, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ аудандық экономика бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов 89 индикаторлық көрсеткіштің орындалу барысына тоқталды. Ол жоспардың орындалу деңгейін атап өтіп, бірқатар бағыттардағы өзекті мәселелер мен жыл соңына дейін межелерді толық орындау үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе — күзгі әскерге шақыру науқанының жүзеге асырылуы. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев баяндама жасады.

Әскерге шақыру науқанының уақтылы әрі талапқа сай ұйымдастырылуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі екені атап өтілді. Сонымен қатар науқанның барлық кезеңдері заңнамалық талаптарға сәйкес қатаң бақылауда болатыны және оның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілетіні жеткізілді.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы қаралған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар беріп, көрсеткіштердің толық әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ барлық сала басшыларына жыл соңына дейін жұмысты жандандыруды тапсырды.