«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АУДАН ӘКІМІМЕН БІРЛСІП ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

4

Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаевтың аудан тұрғындарын жеке қабылдауы ерекше форматта ұйымдастырылды. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Ержан Жүнісов және аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға алдын ала жазылған 20 азамат түрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін ортаға салды. Көтерілген мәселелер жауапты сала мамандарының қатысуымен бірлесе талқыланып, кейбір өтініштер сол сәтте шешімін тапты.

Ал, уақыт пен зерттеуді қажет ететін мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті мамандармен бірге арнайы барып, нақты шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Бұл форматтағы қабылдау – ашықтық пен халықпен тығыз байланыс орнатудың нақты көрінісі болды.