АУДАН ӘКІМІ АРМАН ҚАРСЫБАЕВ АУДАН ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

11

Бүгін аудан әкімі Арман Романұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов Хазреттің бұйрығымен Шардара ауданының бас имамы және «Шардара орталық» мешітіне бас имам болып тағайындалған Қазыбаев Қажымұхан Тынышбекұлын қабылдады.

Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жаңа қызметке кірісіп отырған бас имамға жауапты міндетінде сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Қажымұхан Тынышбекұлы көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, діни алауыздықтың алдын алу, жастарды дұрыс діни бағытқа түсіру, қоғамда парасаттылық пен ізгілікті насихаттау бағытында аудан әкімдігімен бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екенін айтты.

Қазыбаев Қажымұхан Тынышбекұлы – Шымкент қаласындағы Құран жаттау орталығының және Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Еңбек жолы:

2016–2018 жж. – Түркістан облысы, Арыс қаласындағы орталық «Ысқақ» мешітінің наиб имамы;

2018–2019 жж. – Арыс қаласы «Ал-Хақ» мешітінің имамы;

2019–2024 жж. – Арыс қаласының бас имамы;

2024–2025 жж. – «Шарапат» мешітінің имамы.

Отбасылы, 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.