АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі басшысы мен аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде бекітілген негізгі мәселелер – 2025 жылға жоспарланған инвестициялық жобалардың орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев баяндама жасаса, аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін уақытылы орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға, ал, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев болса аудан аумағында салынған заңсыз құрылыстар мен оларға қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева күзгі әскерге шақыру жұмыстары жайлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы мен жылыту маусымының барысы туралы, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Серікбай егістік алқаптарда су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Атқарылған жұмыстар мен анықталған кемшіліктер бойынша жауапты сала басшыларына, тиісті әкімдерге нақты тапсырмалар берген аудан басшысы нәтижені өз бақылауында ұстайтынын, немқұрайлылық танытқан басшыларға тиісті шаралар көрілетінін ескертті.







