ӨМІРДЕН ӨТКЕН КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РУХЫНА АРНАЛЫП АС БЕРІЛДІ

10

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне қарасты «Жетісай қызмет» мекемесі қызметкерлері тарапынан бүгін Асықата кентіндегі «Тәуелсіздік» саябағына ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аумағы 5 гектарды құрайтын «Тәуелсіздік» саябағы 2018 жылдан бастап аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің «Жетісай қызмет» КММ теңгеріміне берілген.

Коммуналдық сала қызметкерлерінің қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында өткен сенбілікте қураған ағаштар кесіліп, шөптер шабылды. Тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен аталмыш саябаққа жасақталған сметалық құжаттама бойынша бүгінде тиісті жұмыстар басталған.

Алдағы уақыттарда саябақ аумағы абаттандырылып, жаяу жүргінші жолдары жасалады, қоршау орнатылып, қураған ағаштардың орнына жаңадан 3 мыңға тарта түрлі декоративті ағаштардың көшеттері егілетін болады.

Сенбілік соңында «Жетісай қызмет» мекемесінің қызметкерлері тарапынан өмірден өткен ұжымдастарының рухына құран бағышталып, ас берілді.