МӘМС ЖҮЙЕСІ МЕН БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Жиында күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе талқыланды. 2025 жылға арналған аудан бюджетінің орындалу барысы және Отбасының цифрлық картасы арқылы Д және Е санатындағы отбасылардың үлесін азайту мен МӘМС жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов атқарылған жұмыстар жайын баяндап, қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуы бойынша көрсеткіштерді таныстырды. Баяндамада әлеуметтік нысандарды қолдау, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және алдағы жылға жоспарланған бюджеттік бағыттар да қамтылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасап, цифрлық картадағы аз қамтылған отбасылардың үлесін азайту, МӘМС жүйесіне қатысуды кеңейту, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Аудан әкімі мәжілісті қорытындылай келе:
«Қаржы жоспарлы әрі тиімді игерілуі тиіс. Әлеуметтік топтарды қолдау — басты басымдық. Біз адамдардың өміріне шынайы әсер ететін нәтижеге жұмыс жасауымыз керек», — деді аудан әкімі. Сонымен бірге, әкім жауапты бөлімдерге нақты көрсеткіштер бойынша есепті жүйелеуді, әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыруды тапсырды.








