ТҮРКІСТАНДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18

Түркістан қаласында қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда.

Қала аумағындағы негізгі көшелер мен қоғамдық көлік қатынайтын бағыттарда, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарда арнайы техникамен қар тазаланып, көктайғаққа қарсы құм-тұз қоспасы себілуде. Аулалар мен жаяу жүргіншілер жолдары да кезең-кезеңімен тазартылуда.

Аталған жұмыстарға коммуналдық мекемелердің арнайы техникалары мен жұмысшы топтары жұмылдырылған. Қар тазалау тәулік бойы ұйымдастырылып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан үздіксіз жүргізілуде.

Қала әкімдігі тұрғындарды жолда сақтық шараларын қатаң сақтауға және қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырады.