ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен қоғамдық-саяси-ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау және алдын алу шараларын күшейту, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ өзекті мәселелерді дер кезінде шешу бағыттары жан-жақты талқыланды.
Штаб отырысында облыс әкімінің орынбасары салалардағы туындаған мәселелерді шешу жолын қарастырудың маңызына тоқталып, тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің мемлекет дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міденті атқарушы Болат Жанәбіл, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев баяндама жасады.
Штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары өзекті мәселелер бойынша жауапты басқарма басшыларына жұмысты күшейту жөнінде тапсырма беріп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтты.








