ТАСКЕСКЕН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

8

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру бойынша берген тапсырмалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Осыған орай, Сарыағаш ауданына қарасты Таскескен елді мекенінде кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады. Сонымен қатар іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті тұрғындар мен ауыл ақсақалдары қатысты. Ауыл тұрғындары игі бастаманың маңыздылығын атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.

Аталған спорт алаңшасының құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, «AIN Development» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Нысан кіші футбол алаңымен қатар, заманауи workout құрылғыларымен толық жабдықталған.

Айта кетейік, жаңа алаңша ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына және түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.