ТЖМ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ӨРТТЕРДЕН 600-ДЕН АСТАМ ГАЗ БАЛЛОНЫН АЛЫП ШЫҚТЫ

Газ баллондары салдарынан шыққан өрттер ТЖМ бөлімшелері үшін ең қауіптілердің бірі болып қала береді. Қызған кезде қысымдағы баллон жарылып кетуі мүмкін, сондықтан әрбір секунд аса маңызды.
2026 жылдың 4 айында өрт ошақтарынан 654 газ баллоны шығарылды, олардың 200-ден астамы 50 литрге дейінгі көлемде. Мұндай әрбір операция өрт сөндірушілерден барынша жинақылық пен жоғары дайындық деңгейін талап етеді. Осындай жағдайда жұмыс істеу құтқарушылардың өміріне тікелей қауіп төндіреді, себебі олар жоғары температура, түтін және кенеттен жарылу қаупі бар ортада әрекет етеді.
ТЖМ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау адам өмірін құтқаруға және материалдық шығынды азайтуға көмектеседі.
Тұрмыста газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Газ баллонын дұрыс пайдаланбау немесе техникалық ақаулардың болуы өрт пен жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Газдың шығуы, баллонның қызып кетуі, жабдықтың дұрыс қосылмауы немесе газ құрылғыларын қараусыз қалдыру қайғылы жағдайға әкелуі ықтимал. Мұндай жағдайларда жалын қысқа уақыт ішінде тез таралып, материалдық шығын келтіруі мүмкін.
Құтқарушылар азаматтарға газ баллондарын тек жарамды күйде пайдалануды, оларды жылу көздерінен алыс ұстауды және баллонды тұрғын үй ішінде немесе ашық отқа жақын жерде сақтамауды ескертеді.
Газдың иісі сезілген жағдайда электр құрылғыларын қоспау, ашық отты пайдаланбау, үй-жайды дереу желдетіп, қауіпсіз жерге шығу қажет. Сонымен қатар, «112» бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласқан жөн.
ТЖМ газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау адам өмірін құтқаруға және материалдық шығынды азайтуға көмектеседі.








