Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді

329

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі — қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері — №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.

№17 автобус бағыты — «Тұран ш.а – Автонұр базары» аралығында қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus»ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері 19-25мин құрайтын. Автобус Тұран ш/а тұрғындарын Байдібек би даңғылы арқылы «Гиперхаус» сауда үйіне, Байтұрсынов көшесі арқылы қала орталығына, Республика даңғылы арқылы Автонұр базарына тасымалдайды. Аталған маршрутқа келіп түсетін шағымдардың көпшілігі Тұран ш/а тұрғындарының тағы бір маршрут сұрауы, себебі автобус ішінде адам тығыздығы өте жоғары екен. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша адам тығыздығы жұмысқа баратын және қайтатын уақытта жоғары болды. Нәтижесінде, алдағы уақытта Тұран ш/а құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң басқарма тарапынан тағы бір №75 маршрут қарастыру көзделуде және қазіргі уақытта 17 маршруттағы автобус саны 12 болып, аралық жиілігі 5-7 минутты құрады. Бұл бағыт бойынша Тұран ш/а тұрғындарын қала орталығына жеткізу жоспарлануда.

№21 маршрут «Құрсай ш/а – Айқап ш/а» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілігі жұмыс күндері — 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам ағыны жоғары болуын айтады. Бұл мәселе бойынша маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

№34 маршрут «Қазғұрт ш/а – К.Цеткина к-сі» бойынша қызмет көрсетеді. «Бек-Сервис» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7, ал демалыс 6 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Енді халық шағымдарының көпшілігі бұл маршруттың ескілігіне, кондиционердің жоқтығына және адам жиілігінің жоғары болуына шағымданады. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша маршрутқа тағыда 5 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр. Бұл маршрут бойынша FAZ,VECTOR, JAC автобустары қызмет көрсетеді.

№171 маршрут «Бозарық саяжай – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайтын. Қазіргі уақытта бұл маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

№171А маршрут «Бозарық ш/а – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайды.күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері — 26мин, демалыс күндері – 32мин құрайды.

Қазіргі уақытта бұл маршрутқа да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отырғанын айтты.