ШЫМКЕНТ: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

656

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің қалалық департаментінің екіжақты бастамасымен кездесу өтті.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылықтары және жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктер бекітілгені айтылды.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берді.
Кездесу соңында адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға бірлесе жұмыс жасағанда ғана жетуге болатындығы әңгімеленіп, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы талқыланды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk