ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКШІ ХҚО ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

101

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші ХҚО-ның жұмысын қайта жаңдандыру туралы шешім қабылдады.
Енді Мәделі қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан ХҚО-ның №1 бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қаланың қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.