“РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ-ОТАНСҮЙГІШТІК РУХТЫ ОЯТАДЫ…”

789

Бүгін 4-маусым күні Шымкент қаласында Рәміздер күні мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті деп хабарлайды ARA24.kz ақпарат агенттігі. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов бастаған қала зиялылары мен депутаттар, қоғам белсенділері, патриот жастар Тәуелсіздік монументі мен Тәуелсіздік саябағындағы салтанатты жиынға қатысып, Қазақстанның бойтұмарына айналған Рәміздерімізге құрмет жасады. Рәміздердің 30 жылдығына орай Қазақстанның көк туын желбіретіп, 30 автокөлік шеруі Шымкент көшелерін жүріп өтті. Шымент қаласы әкімінің бірінші орянбасары Шыңғыс Мұқан рәміздерімді құрметтеу Отансүйгіштік рухты оятады-деді журналистерге сұхбат беру сәтінде. Мереке құтты болсын!

“Ara24.kz-ақпарат”