ШЫМКЕНТТЕ BALMUZDAQ FEST ӨТІП ЖАТЫР

80

Бүгін қала күні мерекесіне орай Арбатта Balmuzdaq Fest өтіп жатыр. Шымкент туризм және сыртқы байланыстар бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан балмұздақ фестивалі екі күнге созылды.

Арбатта қала тұрғындарына балмұздақтың сан түрі ұсынылды. Сонымен қатар, келушілер үшін анимациялық, концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының өкілі Жанар МАҚАЖАНОВА фестивальге 35 кәсіпорын қатысса, оның 17-сі балмұздақ өндірумен айналысатынын атап өтті. Қалған 18-і қоғамдық тамақтандыру нысандары: мейрамханалар, кафелер мен кофеханалар.

Бүгін кешке дейін Арбатта балмұздақтың сан түрінен ауыз тие аласыз!