ТАПСЫРМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ПЫСЫҚТАЛДЫ

415

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Еңбекші аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен және аудан тұрғындарымен кездесуінде 48 мәселені өзекті деп танып, хаттамалық тапсырмалар берген болатын.

Тапсырманың орындалу барысын М.Әйтенов бүгін аудан тұрғындарымен өткен кездесуде жеке-жеке талқыланып, пысықтады.

Аталған 48 тапсырманың 15-і орындалып, 10-ы тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Ал 23 мәселе бойынша берілген тапсырмалар жыл соңына дейін толығымен орындалады.

Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталсақ:
✅ Базарқақпа тұрғын алабында  2 шақырымдық жол орташа жөнделді.
✅ «Қаратөбе» аумағының 12 мың тұрғыны Шаңырақ шағын ауданында жаңадан бой көтерген «Дария Медикус» емханасына тіркелді.
✅ Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елдімекендердегі 3000 үйге 16 млн м3 лимит бекітіліп, осы лимит шегінде ағын сумен қамту жұмысы ұйымдастырылды.
✅ «Сүзік ата» мазаратына баратын жолға тас төселді.
✅ Тоғыста 2 трансформатор қоршалып,  7 электр бағанасы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан ауыстырылды.
✅ Маятас тұрғын алабының Мұнайбарлаушылар көшесіндегі ойын алаңшасына 6 электр бағанасы орнатылды.
✅ Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас тұрғын алаптарына жалпы 20 жол белгісі мен аялдама павильондары орнатылды.
✅ Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылды.
✅ «Қазығұрт» аумағындағы Елтай, Айнатас, Тоғыс, Жыланбұзған, Маятас тұрғын алабына аумақтың төлқұжаты көрсетілген стендтер ілінді.

Мұрат Дүйсенбекұлы Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартудың күн тәртібінен түспейтінін, яғни, алдағы уақытта да кезектегі 23 мәселенің орындалуын тұрақты бақылап, нәтиже беруін қадағалайтын болады.

Шымкент қаласының баспасөз қызметі