НҰР-СҰЛТАНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ САУДАЛАНУДА

225

 

Ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтуде. Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына құны 478 млн. теңгені құрайтын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері 15-20% төмен бағада ұсынылған. ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай, Түркістан облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған жәрмеңкеде 40 жүк көлігімен жеткізілген

71 тауар өндірушінің өнімдері саудалануда.

Дәстүрлі жәрмеңкеге 113,5 тонна ет және ет өнімдері, 165,5 тонна көкөніс, 23 тонна картоп, 72 тонна сүт өнімдері, 69 тонна бақша өнімдері, 34 тонна жеміс-жидек, 8 тонна бал, 31 тонна жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, 11 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа және 2 тонна нан өнімдері жіберілді. Бұл керуен оңтүстік өңіріндегі ерте піскен жемісті ел астанасындағы халыққа арзан бағамен сату мақсатында ұйымдастырылды. Айта кету керек, Түркістан облысы ауылшаруашылығы бойынша елімізде алдыңғы қатарда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 338,9 млрд. теңгені құрап, 104,4 пайызға арты. Республикадағы үлесі 14,2 % – 1 орын.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 30,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, 102,7пайызға ұлғайды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Бүгінгі күнге 428,5 мың тонна дәнді дақыл, 325 мың тонна картоп, 1042 мың тонна көкөніс, 1513,8 мың тонна бақша өнімі және 110 мың тонна жеміс-жидек жиналды.