Түркістан облысының әкімдігінде Түркістан облыстық сотының жаңа төрағасы Мыятбеков Тұрысбек Ерболғанұлын таныстыруға арналған шара өтті.

87

Жиынға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, облыс активі, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық соттың судьялары мен Түркістан қаласында орналасқан аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Соттар әкімшісінің басшылығы, бейнебайланыс арқылы аудан әкімдері, жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Ә. Жүкенов Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Түркістан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Т.Мыятбековты құттықтай отырып, оның ұзақ жылдар бойы сот жүйесіндегі жемісті еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, Әбдірашид Төлегенұлы облыстық соттың төрағасына Президент пен Жоғарғы Сот басшылығы тарапынан үлкен сенім артылып отырғанына назар аударып, жауапты қызметте жоғары жетістіктер тіледі.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев облыстық соттың жаңа төрағасын құттықтай отырып, өңірдегі сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылып отырған жұмыстардың жоғары деңгейде жалғаса беретініне сенім білдірді.