“МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ШЫМКЕНТКЕ “ҚЫДЫРЫП” КЕЛГЕН ЖОҚ..”

557

Ол, Шымкент опера және балет театрының су жаңа директоры қызмет атқаруға келді. Жаңа басшы Майра Мұхамедқызын ұжымға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан таныстырды. Шымкент қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова соңғы күндері өзінің командасын Республикаға ғана емес, Халықаралық аренада танымал майталман мамандармен жасақтауда. Ханзада ханымның үшінші мегаполистің мәдениеті мен өнерін үлкен белеске шығару жолындағы жұмысы оң нәтижесімен елді қуанта берсін деп тілейміз. Майра Мұхамедқызының ісі оң болсын!
Ara24.kz