ШЫМКЕНТ: «ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ» ТОБЫ ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

60

Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кері байланысты күшейту мақсатында WhatsApp желісінде «Жедел әрекет ету» тобы құрылды. Бұл бастама Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жумаханбетовтың жеке тапсырмасы аясында қолға алынды.

Онда БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар қала аумағында орын алған құқық бұзушылықтарды фото немесе бейнежазбаға түсіріп, чатқа жібереді. Жолданған ақпараттың негізінде полиция қызметкерлері болған жайттарды дер кезінде тексеріп, заңды шешім қабылдайды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы апта сайын өтетін департамент бастығының арызданушыларды жеке қабылдауының барысы тұрақты түрде Фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде ашық көрсетті және шалғай орналасқан елдімекендердің тұрғындарымен арнайы барып кездесулер ұйымдастырды.

Бұл Полиция департаментінің ашық әрі жариялы түрде қызмет атқарып, халыққа етене жақындай түсіп, қызметтегі мөлдірлікті қамтамасыз етті.