ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАДЫ

84

Шымкент қалалық №13 емханасында мегаполистің дін қызметкерлері ревакцинациядан өтті.
Шымкент қаласында Қазақстан Мұсылмандарының Діни басқармасына қарасты 88 мешіт болса, онда қызмет ететін 259 дін қызметкері бар.
—2021 жылы дін қызметкерлерінің 89 пайызы дәрігердің рұқсатымен коронавирусқа қарсы екпе алған еді. Мерзімі келген соң, биыл осы азаматтар №13 емханаға ревакцинация алуға келіп отыр. Өткен екпе алу кезеңінде дін қызметкерлері арасында кері әсері тиген азаматтар кездескен жоқ. Алайда, өткен жылы вакцинацияға дейін 6 дін өкілі коронавирус дертінен бақилық болды. Пайғамбарымыз Мұхамед с.а.с «Адам екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі — уақыт.Екіншісі — денсаулық» деген. Әр адам өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.Сондықтан қала тұрғындарын екпе алуға шақырамын, — деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.
Шымкент қалалық №13 емханасының инфекционист-дәрігері Феруза Рахманованың айтуынша, емханаға 53 425 азамат тіркелген. Оның ішінде екпе алуға тиіс 29 018 адам толығымен вакцинацияланған.
— Бүгінде емхана мектеп оқушылары мен жүкті, емізулі әйелдерге вакцинация жасап, өзге тұрғындарды ревакцинациядан өткізуде. 12-18 жас аралығындағы 850 оқушыға, 36 жүкті әйелге және 70 босанған әйелге Pfizer екпесі салынды. Ревакцинацядан емханаға қарасты 4000 адам өткен. Оның ішінде жүкті 46, босанған 6 әйел бар. Сондай-ақ, 60 жастан асқан 95 қария Pfizer екпесімен ревакцинацияланды, -дейді Ф.Рахманова.
Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ