ТҮРКІСТАН: «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӨҢІРДІ ДАМЫТУ БАСЫМДЫҚТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

72

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабының мүшелері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері партияның 2026–2031 жылдарға арналған Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарларын түсіндірді.
Алғашқы болып сөз алған «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, штаб төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов партияның сайлауалды бағдарламасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Алмас Алтайұлының айтуынша, бағдарлама Ата заңда бекітілген Әділет, Заң мен тәртіп, Жауапкершілік, Патриотизм, Прогресс және Келісім қағидаттарына негізделген. Әсіресе, облыс халқының басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, ауылдарды дамытуға, шаруаларды қолдауға және халықтың табысын арттыруға басымдық берілген.
Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нұралы Әбішов «Заң мен тәртіп» және «Тиімді институттар» бағыттарының маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін 2031 жылға дейін елді мекендерде 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату, шалғай ауылдарда 400-ден астам «Әділет керуені» қабылдауын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, есептік кездесулер мен қоғамдық қабылдауларды жүйелі ұйымдастыру көзделгенін атап өтті.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев «Әділ экономика» бағытына кеңінен тоқталып, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін түсіндірді. Ал, «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және қоғамдық белсенділігін арттыру мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, жастар практикасы, кәсіби бағдар беру, спорттық және зияткерлік сайыстарды ұйымдастыру бағытындағы жоспарлармен бөлісті.
«KEN GROUP KZ» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ербол Көкенов өңірдегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне назар аударды. Үміткердің айтуынша, экономиканың тұрақты дамуы үшін шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау маңызды.
Кездесуде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және экология мәселелері де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, облыста 17 «Отбасын қолдау» орталығын ашу, 25 білім беру нысанын, 48 денсаулық сақтау мекемесін және 23 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарлары таныстырылды. Сонымен қатар Түркістан қаласында жаңа мәдениет нысандарын салу, тарихи-мәдени ғимараттарды жаңғырту, «Таза Қазақстан» акциясын жүйелі жалғастыру және қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру міндеттері сөз болды.
Жиын соңында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның әрбір бағыты өңірдің өзекті мәселелерін шешуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналғанын атап өтті. Сондай-ақ, көпшілікті алдағы сайлауға белсенді қатысып, «Әділет» партиясы атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырды.

ТУРКЕСТАН: ПАРТИЯ «ӘДІЛЕТ» ПРЕДСТАВИЛА ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ РЕГИОНА

Члены предвыборного штаба кандидатов в депутаты Туркестанского областного маслихата встретились с коллективом филиала Института профессионального развития по Туркестанской области Национального центра повышения квалификации «Өрлеу».
В ходе встречи представители штаба презентовали предвыборную программу партии «Әділет» по Туркестанской области на 2026–2031 годы, подробно рассказав о её основных направлениях и планах на предстоящий период.
Первым выступил председатель Туркестанского областного филиала партии «Әділет», руководитель предвыборного штаба, кандидат в депутаты областного маслихата Алмас Салимов. Он подчеркнул, что предвыборная программа партии направлена на социально-экономическое развитие региона, повышение качества жизни населения и улучшение благосостояния граждан.
По словам Алмаса Салимова, программа основана на закреплённых в Конституции принципах Справедливости, Закона и порядка, Ответственности, Патриотизма, Прогресса и Согласия. Особое внимание уделено развитию сельских территорий, поддержке сельхозпроизводителей и повышению доходов населения, учитывая, что значительная часть жителей области проживает в сельской местности.
В свою очередь, кандидат в депутаты областного маслихата Нуралы Абишов разъяснил значимость направлений «Закон и порядок» и «Эффективные институты». Он сообщил, что в целях укрепления общественной безопасности до 2031 года в населённых пунктах планируется установить более 9 тысяч камер видеонаблюдения, а в отдалённых сёлах провести свыше 400 выездных приёмов «Әділет керуені». Также предусмотрены меры по повышению ответственности депутатов перед населением, систематическому проведению отчётных встреч и общественных приёмов.
Директор Палаты предпринимателей Туркестанской области Аслан Ибадуллаев подробно остановился на направлении «Справедливая экономика». Он рассказал о мерах поддержки предпринимательства, привлечении инвестиций, развитии сельского хозяйства и создании новых рабочих мест.
Председатель областного филиала молодёжного крыла «Жастар рухы» Еркебулан Мадиярулы затронул вопросы трудоустройства молодёжи, создания условий для её профессионального роста и повышения общественной активности. Он также поделился планами по развитию молодёжной практики, профориентационной работе, организации спортивных и интеллектуальных соревнований.
Директор ТОО «KEN GROUP KZ», кандидат в депутаты городского маслихата Ербол Кокенов акцентировал внимание на поддержке предпринимательских инициатив, реализации инвестиционных проектов и создании новых рабочих мест. По его словам, для обеспечения устойчивого экономического развития важно наращивать потенциал малого и среднего бизнеса, а также создавать благоприятные условия для предпринимателей.
В ходе встречи также были рассмотрены вопросы социальной поддержки, здравоохранения, культуры, спорта и экологии. В частности, участникам представили планы по открытию 17 центров поддержки семьи, вводу в эксплуатацию 25 объектов образования, 48 учреждений здравоохранения и 23 спортивных объектов.
Кроме того, речь шла о строительстве новых культурных объектов в городе Туркестане, модернизации историко-культурных зданий, системном продолжении акции «Таза Қазақстан» и увеличении доли перерабатываемых отходов.
Подводя итоги встречи, представители партии отметили, что каждое направление предвыборной программы нацелено на решение актуальных проблем региона и повышение качества жизни населения. В завершение они призвали присутствующих принять активное участие в предстоящих выборах и поддержать кандидатов, выдвинутых партией «Әділет».