АЗАТ ОРАЛБАЕВ: ЕҢ АЛДЫМЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ТАБИҒИ ГАЗ, ЖОЛ, АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК

33
Аудан әкімі Азат Оралбаев биылғы жылы іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар мен ағымдағы мәселелерді талқылау мақсатында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиында бөлім басшысы Арман Искаков 2025 жылы іске асыратын және жоспарланған жобаларын баяндап өтті. Табиғи газбен қамтамасыз ету, ауыз су жүйесін жақсарту, электрмен жабдықтау, тұрғын үй салу, автомобиль жолдары мен аяқ жолдарды жөндеу, сондай-ақ басқа да инфрақұрылым жүйелеріне қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Аудан басшысы әр жобаның мерзімі мен сапасына ерекше назар аударуды тапсырып, әкім аппаратына тиісті тапсырмалардың орындалуын ай сайын, тоқсан сайын есебін беріп отыруын жүктеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі