КӨПЕН – КӨПТIҢ АДАМЫ

27
Бiздiң қазiргi қазақ әдебиетiнiң бiр өкiлi – өзiмiздiң осы мынау азаматымыз – Көпен мырза. Көпен Әмiрбеков десеңiз, жұрттың бәрi бiледi. Неге десеңiз, бұл аузын ашса аузынан шоқ түседi. Ол шоқ адамды күйдiрмейдi, күлдiртедi. Оның өзi үлкен өнер. Жыртылған көңiлдi жамайды, мұңайған көздi жадыра-тады. Тiптi қиын-қыстау кезеңнiң өзiнде де елге қуат бередi.
Мiнеки, осындай тұлға бiздiң қазақ халқына керек-ақ. Өйткенi, оның көкi-регiнде, оның санасында халыққа деген жанашырлық сезiм бар. Ал, он¬дайлар халықтың тiрi тiрегi, iрi тұлғасы болады. Егер де осындай азаматтар көп болса бiздiң халықтың бақыты. Өйткенi оны бiлетiнiм, көп жыл қызмет iстестiм. Өзi өтiмдi, сөзi жалынды, әрбiр сөзiнiң салмағы бар.
Шерхан МҰРТАЗА,
Халық жазушысы