АУДАН БАСШЫСЫ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

244

ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Жиын барысында аудан басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесуде Бақыт Насырханұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.

Жиында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Бірлік ауылдық округінің тұрғындары негізінен жол жөндеу және ауыз су сапасын жақсарту жөнінде мәселелер көтерді.

Аудан басшысы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдауға құқық қорғау органдардың басшылары, тиісті сала басшылары және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып, мәселесін көтеріп келген әрбір тұрғынға қанағаттанарлық жауаптар берілді.