ЖАСТАР — ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ ЖӘНЕ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ
ЖАСТАР — ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді жастарымен кездесті.
«Global coffee» ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастар көкейіндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, белсенді жастарымен саяхат жасау, студенттерімен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізу,ұлттық спортты дамыту (атқа міну) сынды ұсыныстар айтылды.
Орталық басшысы М. Исахов өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар жастар қоғамның идеалына айналатынын айта отырып, жастарды өз елінің патриоты, идеал тұлғасы болуға шақырды.
—Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда.
Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек, – деп қорытындылады ол өз сөзін.
#МенЕлімдіСүйемін
МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды.
Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады.
Жалпы сайысқа Қаратау ауданында 14 мектептің командасы бақ сынайды. А.Пармановтың айтуынша, келесі апта бұдан басқа мектептер арасында да турнир өткізіліп, ауданның үздіктері анықталмақ.
Мұғалімдер арасындағы алғашқы турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлері бүгін анықталады.
«Шымкент келбеті»