“МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ, ҚОҒАМҒА ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ…”

298

Мүгедектерге бөлінген әрбір квотаның артында, әр түрлі тағдырдағы адамдарға жасалған жақсылықтың нышаны жатыр. Сондықтан да, мемлекет тарапынан мүгедектерге жасалатын қамқорлық мейлінше артып келеді. Бұл көңіл қуантады. Шымкентте де шынайы қамқорлық ретінде квоталар саны артып келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың 2022 жылғы 13 шілдедегі мүгедектер үшін жұмыс орындары квота белгіленген. Мүгедектігі бар азаматтарға белгіленген квотаның 86 мекемеге 430 бос орынға квота белгіленген болса, бүгінгі таңда 56 мекемесіне 155 квота орындалды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың 2021 жылғы 19 шілдедегі №1353 қаулысына сай, Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы жұмыстары жүгізілуде. Атап айтқанда:
— Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын орындау мақсатында 11 мекемеге, 54 бос орынға квота белгіленген. Орындалғаны 9 мекемеге 32 адам жолданды.
— бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту үшін 9 мекемеге 52 бос орынға квота белгіленген. Бүгінде 7 мекемеге 26 адам жұмысқа жолдама берілді.
— ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға 3 мекемеге 8 бос орынға квота белгіленген. Бүгінде 2 мекемеге 2 адам жолданды-дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Шағдат Әсетұлы.
Мүгедектерге жасалған қамқорлық, қоғамға жасалған қамқорлық деп түсінгеніміз абзал.
“ARA-ақпарат”