ЖӘРМЕҢКЕДЕ 127 АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАПТЫ

237

14-ші қыркүйекте Түркістан қалалық «Жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Шараға 333 жұмыс беруші қатысып, 941 бос жұмыс орыны ұсынылды.

Жәрмеңкеге екі жүз елуден аса жұмыссыз азамат келді.

Шара қорытындысымен 165 тұрғынға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

Атап айтқанда: 127 азамат тұрақты бос жұмыс орындарына жолдама алса, жастар санатындағы 23 түлек жастар практикасына, 15 азамат қоғамдық жұмыс орындарымен қамтылды.

Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысқандардың барлығына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.