I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША
I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Әрбір азамат өмірге келген сәттен бастапмемлекеттік көрсетілетін қызметтермен үздіксізбайланыста болады. Баланың тууын тіркеу, білім алу, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтіккөмекке жүгіну, денсаулық сақтау саласындағықызметтер – мұның барлығы азаматтардыңмемлекетпен күнделікті қарым-қатынасыныңнақты көрінісі. Сондықтан мемлекеттікқызметтер көрсету сапасы мемлекет пен қоғамарасындағы өзара сенімнің негізгі көрсеткішіболып табылады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасынарттыру мәселесі ел Президентінің жылсайынғы Жолдауларында ерекше назарда.
Осы бағытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнамаға сай, сапалы әрі қолжетімді көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстап келеді.
Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 400-ге жуығы облыстық деңгейде жүзеге асырылады.
2026 жылдың I тоқсанында облыс бойынша барлығы 6 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98%-ы электронды форматта ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірде цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына қатысты 78 бақылау іс-шарасы жүргізілді.
Оның ішінде профилактикалық бақылаулар, арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер және уәкілетті орган тапсырмалары бар.
Ең жиі анықталған бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін сақтамау, жұмыс мерзімін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамаубойынша орын алған.
Бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, жеке тұлғаларды тіркеу және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген.
Бұдан бөлек, Департаменттің қарауына 212 өтініш түсіп, оның нәтижесінде 10азаматтың құқығы толық көлемде қалпына келтірілді. Өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары, еңбек және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы салаларына қатысты болды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда:
• өңірлік «Turkistan TV» арнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасының шығарылымы эфирге шықты;
• мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 47 семинар,
5 тікелей эфир, 3 интернет-конференция және 54 жәрмеңке өткізілді;
• 15 қоғамдық кеңес отырысы және 28қоғамдық бақылау ұйымдастырылды;
• мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 12 бастамашылық ұсыныс әзірленді.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне жедел әрекет ету мақсатында «EgovKZBot 2.0» Telegram-боты арқылы
20 өтінішке түсіндірме берілді.
Аталған жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Айта кету қажет, Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ
ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттік қызметістері агенттігінің
Түркістан облысыбойыншадепартаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы














