“АДАМ ТҮЗЕЛМЕЙ, ҚОҒАМ ТҮЗЕЛМЕЙДІ…”
Адам түзелмей, қоғам түзелмейді, Қоғамды түзеу үшін де, ең әуелі адам санасын оятып, ұлттық рух пен саналы тәрбие, патриоттық сезімді сіңіру қажет. Қоғамның дамуының қозғаушы күші ақыл-ой екені анық. Сол себепті де, бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы «Ұлы дала елі» орталығында «Қоғам санасында азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тосқауылдар және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары болып табылатын ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және мемлекеттің жан-жақты ойластырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктерін насихаттау.
Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев сөз сөйлеп, ашып берді.
Семинарда ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, ОҚМПУ-нің «Маркетинг және мансап» департаментінің басшысызаңгер-ғалым, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы баяндама жасады. Ел бірлігі мен қоғам тыныштығы мемлекет байлығы!
“ARA-ақпарат”