“САУРАН ХАЛҚЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ БАҒАЛАЙДЫ..”

252

Сауран ауданы Қарашық елдімекенінде Этносаралық келісімді сақтау және жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының басшысы И.Әжіхан, Қарашық ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Муютов, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында қазіргі таңдағы этносаралық келісімді сақтау мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды.

Сауран ауданында мекен еткен этносаралық татулықты бағалайтынын және соған бәрі де мүдделі екенін айтты. Бір мақсат, бір мүддені көздеген Сауран ауданының халқының ауызбірлігі арта берсін.

“ARA-ақпарат”