«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

0
44

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттары мен сайлауалды штабының мүшелері Түлкібас ауданындағы «ALTYN NAN» ЖШС ұжымымен кездесті. Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алмас Салимов, штаб мүшелері және облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысты.
Кездесуде партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңір экономикасын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, өндіріс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту мәселелері кеңінен талқыланды.
Бағдарламада өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға да ерекше мән берілген. Алдағы жылдары облыс аумағында жаңа кәсіпорындар мен өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлердің өндірістік әлеуетін кеңейту көзделген. Сонымен қатар ауылдар мен шағын қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету арқылы жергілікті экономиканың дамуына серпін беру жоспарланып отыр,-деді Алмас Салимов.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамыту көзделген. Бұл бағытта жаңа өндірістік жобаларды іске асыру, ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру жоспарда бар. Мұндай бастамалар жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Партия субсидияланатын жұмыс орындарын ашу, жастар практикасын дамыту, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ «Күміс жас» жобасы арқылы аға буын өкілдерінің еңбекке араласуына жағдай жасауды көздейді.
Кездесуде цифрландыру, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларын дамыту бағыттары да таныстырылды. Кәсіпорын қызметкерлері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сондай-ақ, партия бағдарламасын қолдайтындықтарын білдірді. Кандидаттар мен штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындармен ашық пікір алмасудың маңыздылығын атап өтті.
«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі