АБАЙ АУДАНЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ТӨСБЕЛГІЛЕРМЕН МАРАТТАЛДЫ

342

Ана — асыл жан! Ана барда — әлем құлпырады.

Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді.

Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”, 3 874 ана — Күміс алқа” иегерлері.