«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ МАНКЕНТ ШИПАЖАЙЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Алмас Салимов бастаған Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабының мүшелері «Манкент» шипажайының ұжымымен кездесті.
Жиында партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласының әлеуетін нығайту мәселелері сөз болды.
Алмас Салимов бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы бес жылға жоспарланған міндеттер мен нақты көрсеткіштерді түсіндірді. Әсіресе, ауылдық аумақтарды дамыту, медициналық инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағыттарына назар аударды.
Кездесу барысында шипажай қызметкерлері де өз ой-пікірлерін ортаға салып, салаға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сайлауалды штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелерді назарға алды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті.
«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі













