ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ ПРОЦЕСТЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

270

Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу барысына қатысатын сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту бойынша жоспарын бекітіп, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды бастады.

Бекітілген жоспарға сай, 2023 жылдың 8-28 ақпаны аралығында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қалалық, аудандық аумақтық, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен аудандар мен қалаларда көшпелі оқыту семинарларын өткізетін болады.

2023 жылдың 1-15 наурызы аралығында аудандық, қалалық аумақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауларын даярлау мен өткізу мәселелері бойынша округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту – семинарларынан өткізетін болады. Тренингтер өткізу жоспарлануда.

Сайлау процесінің басқа да қатысушылары үшін оқыту семинарлары төмендегі көрсетілген мерзімдерде өтеді.

— Саяси партиялар өкілдері — 01.03.2023 ж.
— Жастар ресурстық орталығының өкілдері — 02-03.03.2023 ж.
— БАҚ, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері — 15.03.2023 ж.
— Сайлауалды штабтардың мүшелері — 23-24.02.2023 ж.
— Прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері — 17.02.2023 ж.