АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ СОТ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚОЯР ҮЛКЕН ТАЛАПТАРЫ БАР
Шындығын айтқанда, бұрынғы қылмыстық іс жүргізу тәртібі әлдеқайда түсінікті және тиімді болатын. «Жаңа» кодификацияланған актілердің мәтіндеріне істер бойынша сот-тергеу практикасын едәуір жақсартатын және қоғамның игілігі үшін қызмет ететін өзгерістер енгізілмеген. Оны келіп Ұлы реформа деп атаймыз. Мұндай реформалардың соңы неге әкеліп соқты? Кешегі «Қасіретті қаңтар» оқиғасына түрткі болған себептердің бірі осында жатыр. Жұмыс істемейтін конституциялық әділеттілік қағидасы – қаңтар трагедиясының триггерлерінің бірі. Ал алдағы уақытта осындай қанды оқиғалардың қайталануына жол бермеу біздің ортақ азаматтық міндетіміз болып табылады.
Азаматтық қоғамның сот, құқық қорғау органдарының жұмысына қояр үлкен талаптары бар екені түсінікті. Лауазымды тұлғалар мен азаматтарды заңсыз жауапкершілікке тарту, азаматтық істер бойынша шешімдерді тапсырыспен шығару фактілері сияқты келеңсіздіктерге жол бермейтін тетіктер қажет.
Адамдардың ерікті тобын қылмыстық процеске тартып, кейіннен оларды соттап, қылмыстық істерді қозғайтын сәтсіз тәжірибені тоқтату керек. Ал қылмыстық қудалаудың барлық сатысына қатысқан лауазымды адамдар жауапқа тартылуы тиіс. Мұндай тәжірибе кеңестік кезеңде болған. Ол кезде кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан адамдар, кем дегенде, қызметтерінен босатылатын. Ал қазіргі жүйе «әйдік істің әттеген-айлары болмай тұрмайды» деген қағидат бойынша жұмыс істеп келді. Осының барлығы талай мансапты бұзып, тәлкекке түскен тағдырлардың санын арттырып, осы салаларда жүрген мамандардың беделіне нұқсан келтірді.