ИАССЫДАҒЫ ИГІ ІСТЕР – ІСКЕРЛІКТІҢ ЖЕМІСІ
Сауран ауданының орталығынан он бес шақырымда орналасқан Иассы ауылдық округі киелі шаһардың облыс мәртебесін алғалы бері серпінді даму үстінде. Небәрі бес ақ шақырымда орналасқан Еңбекші дихан мен Шойтөбе тұрғындары өздерін облыс орталығының тұрғынындай сезінеді. Себебі, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің біраз қызметкерлері қаладан қатынап жұмыс істейді. Ауыл іші тап- таза. Мектеп, балабақшалардың айналасы гүлмен көмкерілген. Барлық жерде тап-тұйнақтай тазалық сезіледі. Бір шеті Оранғаймен, бір шеті Түркістанмен шектесіп жатыр.
Иассы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Акрам Рахымжанұлы Нышановтың баяндауынша, 2021 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан жылға қалыпты түрде, серпінді көтеріліп келеді. Қазіргі таңда Еңбекші – Дихан және Шойтөбе елді мекендерінде халық саны -3042 болса, оның ішінде: Еңбекші Диханда – 2677, Шойтөбеде – 365 адам тұрады. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың саны- 1949 адам.
Иассы ауылдық округіне қарасты әлеуметтік қызмет нысандар көп емес. Бір жалпы орта мектеп, бір бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, екі бала бақша бар. Бәрінен бұрын мұнда 237 шаруа қожалықтары халыққа қызмет көрсетуде.
Мемлекет басқаруындағы ауыл әкімшілігі 12,5 штатпен жасақталған, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкерлер 6,5 азаматтық және келісім шарт бойынша тартылатын қызметкерлер. Ағымдағы жылдың бюджеттік қаражаты 18. 639. 000 /мың/ теңге, төлемдер бойынша қаржы жоспары 14.456. 000 /мың/ теңге, 01.11.2021 жылға бөлінген қаражат 100 % игерілді. Жылдық қаражаттың 77% орындалды. Барлық қаржы кезеңімен толық игерілді.
Аппарат қызметін қамтамасыз ету шығындары 12,5 штат бірліктерін ұстау еңбек ақы қоры, өтемақы төлемдері, іс сапар шығындары, коммуналдық, байланыс, қызметтік автокөліктің жүруін қамтамасыз ету, аппарат қызметкерлерін қажетті кеңселік – шаруа заттарымен қамтамасыз ету, елді мекендердің тазалығы, санитария, көгалдандыру, жергілікті деңгейде мәдени — спорттық іс шаралар өткізуге, автожол жөндеу бойынша шығындарына бағытталған.