ШАҒА АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

613

Шаға ауылдық округі тұрғындарымен ҚР Президентін сайлаудың қорытындысын қолдауға арналған жиын өтті. Жиынға Шаға бастауыш партия ұйымы төрайымы М. Алиева, партия белсендісі және ауыл тұрғындары қатысты.

Шаға БПҰ төрайымы М.Алиева баяндама жасап, сайлауға белсене қатысып ҚР Президенттігіне Қ.Тоқаевты таңдап сенім білдірген ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

Ауыл тұрғындары тарапынан сөз алған мектеп мұғалімі Ж. Махамбетова Шаға ауылының тұрғындары қашанда ұйымшыл, ауызбіршілікті нық ұстанған халық, кешегі өткен сайлауда ауыл болып бірауыздан Қ.Тоқаевты қолдап болашағымызды сеніп тапсырдық, ол кісінің сайлауалды бағдарламалары да ауыл тұрғындарының көңілінен шығып отыр. Біздің белсенділігімізді ескеріп келгендеріңізге рақмет, қашанда ел басқарып отырған азаматтарға сеніміміз мол, еліміз тыныш жұртымыз аман болсын — деп ақ баталарын берді.